National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Қытайдың «AVIC» авиациялық өнеркәсіп корпорациясының президенті У Гуаньцюанмен кездесті

2014 жылғы 20 мамыр

 

Кездесу барысында авиация өнеркәсібі мен логистикасы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырудың негізгі аспектілерін  де қарастырды.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл корпорация Қазақстанда жұмыс істеуге қызығушылық білдіріп отырған ірі авиациялық кәсіпорындардың бірі екенін және оның келуі маңызды инвестициялық жобаға айналуы мүмкіндігін атап өтті.

 – Біздің ел жолаушыларға және ауыл шаруашылығына арналған шағын авиацияға мүдделі. Сіздердің бұл салада үлкен тәжірибелеріңіз бар, сондықтан біз өздеріңізді ынтымақтастыққа шақырамыз. Мұндай инвестицияларға біз инфрақұрылым жағынан көмек көрсетеміз, бизнесті алғашқы жылы салықтан босату арқылы ерекше преференциялар жасаймыз. Сонымен қатар, сіздер тиісті кәсіби кадрларды даярлайды деп үміт артамыз, – деді Мемлекет басшысы.  

Қытайдың «AVIC» авиациялық өнеркәсіп корпорациясы кең ауқымда авиациялық  өнім өндірумен айналысады және әлемнің 30-дан астам еліне экспорттайды. Корпорация сондай-ақ «Boeing», «Airbus», «GE», «Rolls Royce» секілді әлемдік авиақұрастыру өндірісі көшбасшыларын авиациялық қосалқы бөлшектермен, двигательдермен және борт жабдықтарымен қамтамасыз етеді.

Корпорация құрылымына 200-ден астам түрлі кәсіпорындар мен ғылыми-техникалық мекемелер кіреді, ал қызметкерлерінің жалпы саны 500 мың адамнан асады.  

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің