Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мемлекет басшылары сауда-экономикалық, индустриялық-инновациялық, көлік-коммуникациялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы басым бағыттар туралы әңгімелесті. Тараптар екі ел арасында қалыптасқан стратегиялық серіктестікті ескеріп, қарым-қатынастардың жақсы қарқынмен дамып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдолла Гүл екі ел халықтарының игілігін қамтамасыз етуге бағытталған жан-жақты өзара іс-қимылды дамытуға мол мүмкіндік бар екенін атап өтті.