Кездесуге Swissport International компаниясының президенті, басқарма төрағасы П.Утнегард пен Flughafen Zurich AG компаниясының қаржы жөніндегі вице-президенті Д.Шмукки қатысты. Әңгімелесу барысында еуразиялық көлік инфрақұрылымы мәселелері, сондай-ақ Қазақстан әуежайларын дамыту және оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Кездесу аясында әуежайлар желісін басқару жөнінде бірлескен кәсіпорын құру жөнінде меморандумдарға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді. Swissport International – жерүсті қызметін ұсынатын, 38 елдің 192 әуежайымен байланыс жасайтын әлемдегі жетекші компания. Flughafen Zurich AG – Цюрих қаласы әуежайының иесі әрі операторы, сондай-ақ бүкіл әлемнің өзге де 10 әуежайын басқаруға қатысады.