Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар, тараптар өңірлік қауіпсіздік ахуалы жөнінде пікір алмасты.