National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырыс қорытындысына арналған брифингке қатысты

2014 жылғы 10 қазан

 

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларының кездесуі жемісті болғанын, оның қорытындысы бойынша маңызды құжаттарға қол қойылғанын атап өтті.

- Олар Достастық аясындағы ынтымақтастықтың әрі қарай дамыту үшін жақсы негіз қалайды. Қазақстан 2015 жылы ТМД-ның барлық жарғылық органдарында төрағалық ету міндетін қабылдай отырып, Кеңестің келесі отырысына дайындалатын болады. Біз оны Астанада өткізуге келістік. Қазақстан ТМД-ны бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдерді біріктіретін бірегей саяси алаң ретінде қарастырады. Осы секілді басқа ұйым біздің өңірде жоқ. Бұл – туындаған мәселелерді шешу, пікірталастар өткізу және пікір алмасу үшін жақсы алаң. Біз де төрағалық кезінде Достастықтың әлеуетін аша түсуге ұмтылатын боламыз, - деді Қазақстан Президенті,

Мемлекет басшысы біздің еліміз жұмысты сабақтастық қағидаты негізінде құруға ниетті екенін атап айтты.

- Ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылды біртіндеп ұлғайтқан жөн. Бұл қауіпсіздікке де, экономикаға да, гуманитарлық салаға да қатысты. Достастықтағы сенім мен өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі бастамаларды жүзеге асыруға атсалысатын боламыз. Біздің көпқырлы ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелерін шешудегі ТМД-ның рөлін арттырған жөн. Өз төрағалығымыздағы маңыздың міндеттің бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын лайықты деңгейде бірлесіп мерекелеу және ардагерлерге құрмет көрсету деп санаймыз. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай бүгін қабылданған Үндеуді біз толық қолдаймыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жалпы алғанда барлық мемлекет басшылары отырыстың қорытындысына қанағаттанушылық білдіргеніне назар аударды және қабылданған шешімдер мен қол қойылған құжаттар елдердің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қосатынын атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің