Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайтудың негізгі бағыттарын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдуллаһ Гүл «Жаңа синергия» бірлескен ортақ экономикалық бағдарламасы аясындағы бірқатар бағыттар бойынша өзара іс-қимылды арттыру мәселелерін қарастырды. Қазақстан Президенті Түркия біздің елдің негізгі экономикалық серіктесінің бірі екенін айтты. Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық, әсіресе білім беру саласындағы қарым-қатынасты одан әрі өрістету жайына айрықша көңіл аударды. Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің оқу мекемелерінде білім алатын жастар санының көбеюі бұл үрдістің қарқын алуына оң ықпал етіп отырғанын атап өтті.