National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаев «Nasdaq» компаниясының президенті Адина Фридманмен кездесті

2018 жылғы 18 қаңтар

Кездесу барысында Мемлекет басшысы компанияның Қазақстанда жұмыс жүргізу жөніндегі шешімін құптайтынын айтты.

– Сіздердің Қазақстанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығында жұмыс істеу жөніндегі шешімдеріңізді қолдаймыз. Біз Конституцияға және еліміздің бірқатар заңына өзгерістер енгіздік. Онда ағылшын құқығы енгізілген және қатысушылардың барлығына жеңілдіктер қарастырылған. Жұмыс істейтіндер үшін барлық қолайлы жағдайды жасаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев «Nasdaq» компаниясының бұл шешімі оның серіктестері мен басқа да шетелдік компанияларды «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты дамытуға жетелейтінін атап өтті.

А.Фридман Қазақстанның халықаралық қаржы орталығын құру жолында атқарған жұмыстарынан алған әсері жөнінде айтты.

– Біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту жөніндегі жоспарларға өте тәнті болдық. Қаржы орталығының жұмысына қатысты барлық мәселенің жан-жақты қарастырылғанын атап өткіміз келеді. Бұл жұмыстың тыңғылықты атқарылғанына ризамыз, – деді «Nasdaq» компаниясының басшысы.

Сонымен қатар, А.Фридман «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастастықты бастауға және Қазақстан биржасының жұмысына қажетті озық технологиялармен қамтамасыз етуге әзір екенін айтты.

Келіссөз барысында тараптар бірлесе жұмыс істеудің және Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру үшін ұзақ мерзімді байланыстарды орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Соңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев А.Фридманды биылғы шілде айында болатын «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми түрде ашылу рәсіміне қатысуға шақырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің