Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары Каспий маңы мемлекеттерінің төртінші Саммитінің қорытындылары туралы сөз қозғады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев сондай-ақ бірқатар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық, отын-энергетика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың болашағын талқылады. Сонымен қатар, мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.