National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті

2019 жылғы 01 қазан

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық әріптестік пен көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянға қонақжайлығы мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын биік дәрежеде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіре отырып, екі ел арасында қалыптасқан сенімді диалогты атап өтті.

– Қазақ халқы армян халқын құрметтейді. Біз қос мемлекет арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ниеттіміз. Екі елдің ортасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударуымыз керек. Жұмысты жандандырып қана қоймай, берік ынтымақтастықтың қосымша мүмкіндіктерін қарастыру қажет, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Никол Пашинян экономика саласындағы Қазақстан мен Арменияның өзара қарым-қатынасы одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.

– Соңғы уақытта біздің сауда-экономика саласындағы қарым-қатынастарымыз жаңа белеске көтерілді. Бірақ біздің әлеуетіміз бұдан әлдеқайда жоғары деп ойлаймын. Біз осы әлеуетімізді барынша жандандыруға күш салуымыз керек. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақ біздің елдеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр, – деді Армения Премьер-министрі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің