Қазақстан Президенті Сеул қаласына келді. Сапар аясында ел Президенті Пак Кын Хемен кездесу өткізу көзделген. Мемлекеттер басшылары келіссөздер аясында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді және Қазақстан мен Корея қарым-қатынасының басты аспектілерін талқылайды, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев іскер топтар өкілдерімен кездеседі және «Енсей» университетіне барады.