Сапар барысында Қазақстан Президенті Шанхай қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қытайлық компаниялар басшыларымен кездесу өткізеді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV Саммитіне қатысады, онда тұрақтылықты нығайту және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланбақ.