National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының Төртінші саммитінің қорытындысына арналған брифингке қатысты

2014 жылғы 05 маусым

 

Қазақстан Президенті қарым-қатынастардың қарқынына экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық оң ықпал ететінін айта келіп, Кеңестің біздің ел мен мүше-мемлекеттер үшін маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек, ол Әзербайжан, Түрікменстан және Түркия басшыларымен болған кездесулер екіжақты өзара ықпалдастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылауға мүмкіндік бергеніне тоқталды.  

Нұрсұлтан Назарбаев отырыста түрлі мәселелердің қарастырылғанын, соның негізгісі туризм индустриясын дамыту туралы болғанын атап өтті.

– Түркия туризм саласында жақсы ілгеріледі, біз оның тәжірибесін алу, қажетті мамандарды түрік университеттерінде даярлау жөнінде уағдаластық, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бірыңғай ақпараттық кеңістікті бірлесіп дамыту мәселесі осы жылдан бастап талқыланатынын айтты.

– Мен бүкіл әлемге түркітілдес елдер туралы, біздің мәдениетіміз бен тарихымызды баяндайтын арнайы спутниктік телеарна ашу мәселесін қарастыруды ұсындым. Сол арқылы біз мемлекетімізге назар аудартып, соның ішінде Қазақстанның индустриялық бағдарламасы туралы айтатын боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы отырыста талқыланған маңызды мәселенің бірі көлік және коммуникация саласын дамыту болғанын атап өтті. Ол салынып жатқан автомобиль жолдары мен теміржолдардың ел экономикасы үшін маңыздылығын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев биыл аяқталуы жоспарланған Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолы өңірдегі көлік және логистика желісінің одан әрі дамуына септігін тигізетініне назар аударды.

Қазақстан Президенті Түркі кеңесі мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ екендігін де атап өтті.

- ЕАЭО-ның өзге мемлекеттердің қосылуына есігі ашық. Мысалға, Түркия және басқа мемлекеттер болашақта осы бірлестіктің қауымдасқан мүшесі бола алар еді. Бірақ бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекеттердің құзырындағы мәселе болып саналады, - деді  Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Армения мен Қырғызстан одаққа қосылуды жоспарлағанын, ал бірқатар өзге елдер бірлестікпен сауданы дамытуға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Н.Назарбаев бұл ретте ұйымды одан әрі нығайту үшін жұмыс істеу керектігін атап өтті.

 


 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің