National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Ресейдің халықтар достығы университетінің ректоры Владимир Филипповпен кездесті

2015 жылғы 21 желтоқсан

 

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының өзара ықпалдастығы мәселелері, сондай-ақ екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығының перспективалы бағыттары талқыланды.

Мемлекет басшысы білім беру ісіндегі көшбасшылардың бірі болып саналатын білім ордасы біздің ел үшін де білікті мамандар даярлау ісіне елеулі үлес қосып отырғанын айтты. Мәселен, бүгінде университетте Қазақстаннан келген 500-ден аса студент оқып жатыр, бұл әлемнің 150 елі ішінде екінші орындағы көрсеткіш болып саналады.

В.Филиппов Нұрсұлтан Назарбаевқа елдеріміздің арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары арасындағы толыққанды академиялық ықпалдастыққа қолайлы жағдай жасауға көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің