Қазақстан Президенті Сочи қаласына келді. Сапар аясында Елбасы Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Форумның негізгі тақырыбы – агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, Ресей Президенті В.Путинмен, сондай-ақ Свердлов облысының және Урал федералдық университетінің басшылығымен кездесулер жоспарланған.