National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен кездесті

2014 жылғы 26 тамыз

 

Кездесу барысында екі елдің мемлекет басшылары Кеден одағы елдері көшбасшыларының, Украина және Еуропалық Одақ өкілдерінің алдағы кездесуінің маңызды жайттарын талқылады.

Сондай-ақ Украинадағы ахуалды тездетіп реттеудің негізгі жолдары жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған маңызды қадамдарды қарастырды.

Қазақстан Президенті  Н.Назарбаев П.Порошенконы өткен Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Біздің елдеріміздің арасында әрдайым достық қарым-қатынастар болды. Сондықтан, Украинадағы қалыптасқан ахуал мені қатты мазалайды әрі алаңдатады. Сіздің Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен диалогыңыз үлкен маңызға ие. Ресей үшін де, Украина үшін де ақиқатты айқындар сәт туып отыр, өйткені мына қантөгісті жалғастыруға болмайды. Қарапайым адамдар жапа шегуде. Дәл қазір осы жөнінде айту керек, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі келіссөздер мәмілелі шешім іздеу тұрғысынан  сәтті болады деп үміттенетінін білдірді.

–Украинадағы жағдай ірі жаһандық қақтығысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан біздің  ұстанымымыз – қақтығысты тоқтатып, қалпына келтіру үдерісін бастау үшін бітімге келу мүмкіндігін табу, – деді Мемлекет басшысы.

 Экономикалық мәселелерге тоқталған Қазақстан Президенті Украинамен еркін саудаға септігін тигізетін екіжақты үкіметаралық комиссия жұмысын жалғастырудың маңыздылығын айтты.   

Мемлекет басшысы біздің еліміз Украинамен жақсы қарым-қатынаста екенін және өзара сауда-экономикалық ықпалдастықты ұлғайтуға ниетті екенін жеткізді.

Өз кезегінде П.Порошенко Қазақстан әрдайым Украинаның сенімді досы болғанын атап өтті.

– Біздің қарым-қатынасымыз дәстүрлі достық арнасында қалыптасып, дамыды.  Бүгін маңызды пікірталас болып, соның аясында Еуропалық одақпен еркін сауда аймағын дамыту мәселесі, сондай-ақ біздің бірлескен тауар айналымын ұлғайту жолындағы барлық кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін Кеден одағы мен біздің ынтымақтастығымыздың үлгісі талқыланады. Біз бұған мүдделіміз және орасан зор әлеует бар, – деді Украина Президенті.

Сондай-ақ, Украина басшысы өз елінің осы бірлескен кездесуге елеулі үміт артып отырғанына тоқталды. П.Порошенко сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа Донбаста бейбітшілік орнату жөніндегі берік ұстанымы үшін ризашылығын білдірді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің