National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Бүгін Францияға жұмыс сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияның көрнекті саяси қайраткері Жак Атталимен кездесу өткізді

2012 жылғы 21 қараша

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейі атап өтілді, сондай-ақ қаржы-инвестициялық, сауда-өнеркәсіп пен ынтымақтастықтың өзге салаларындағы алдағы іс-қимылдың мүмкін боларлық жолдары қарастырылды.

Сонымен қатар, кездесуде Еуропалық одақ елдерінің өзекті халықаралық жағдайы контекстегі саяси және экономикалық даму мәселелері, сондай-ақ әлемдік экономикадағы жағымсыз үрдістерді еңсерудің келешегі мен мәселелері талқыланды.

Жак Аттали – француз экономисі, ірі саяси қайраткер. Францияның бұрынғы Президенті Франсуа Миттеранның кеңесшісі, Еуропалық қайта құру және даму банкінің алғашқы басшысы болған. Жаһандану және экономикалық мәселелер саласындағы жетекші әлемдік теоретиктердің бірі. Көптеген кітаптың және ғылыми жұмыстардың авторы.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің