National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Швейцария Конфедерациясының Президенті Дидье Буркхальтермен кездесу

2014 жылғы 24 қаңтар

 

Келіссөздер кезінде Қазақстан Президенті Дүниежүзілік экономикалық форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Мемлекеттер көшбасшылары Қазақстан-Швейцария қарым-қатынасының негізгі аспектілерін және оны бұдан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.

Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.  

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дидье Буркхальтер екіжақты да, халықаралық ұйымдар аясындағы да өзара тиімді ынтымақтастықтың жоспарлы түрде нығайтылуына назар аударды.

Қазақстан Президенті Швейцария еліміздің Еуропадағы негізгі сауда серіктесінің бірі болып саналатынын айтты. Республикамызда Algroup, Rieter және Glencore тәрізді ірі швейцариялық компаниялар жұмыс істеуде.

Тараптар Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясы одан әрі белсене қызмет жасауы қажеттігіне тоқталды.

Кездесу қорытындысында мемлекеттер көшбасшылары таяу келешекте екіжақты ынтымақтастықтың қарқыны арта түсетініне сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің