National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен отырысына қатысты

2017 жылғы 11 қазан

Жиында мемлекеттер басшылары ТМД аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жолдарын талқылап, достастықтың тиімділігін арттыру, оған мүше елдердің сауда және инвестициялық байланыстарын тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен бірге, отырыста Тәжікстан Республикасының ТМД-ға төрағалық ету кезеңінде атқаратын жұмыс жоспары, Түрікменстанның достастықты одан әрі дамытуға қатысты ұстанымы және ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы аясында атқарылған жұмыс нәтижелері жөнінде баяндалды. 

Кеңес отырысының қырытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа және қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыруға қарсы күрес саласындағы құжаттарға қол қойылды.

Бұдан бөлек, ТМД елдерінің басшылары мәдениет, білім беру, ғылым және туризмге қатысты байланыстарды нығайтуға әрі кеңейтуге бағытталған гуманитарлық саладағы бірқатар маңызды шешімдерді қарастырып, отбасын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау туралы мәлімдеме қабылдады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің