National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Ұлыбританияға сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық велошабандоздар одағының президенті, Халықаралық Олимпиялық Комитеттің мүшесі Пэт Маккуейдпен кездесті

2012 жылғы 28 шілде

 

Кездесу барысында Пэт Маккуейд Мемлекет басшысының бастамасымен салынған «Сарыарқа» республикалық велотрегі бірегей заманауи спорт нысандарының бірі екендігін атап өтті. Мұнда 2011 жылда Әлем Кубогының бірінші кезеңі сәтті өткен болатын.

Пэт Маккуейд Қазақстан Республикасының Президентіне Халықаралық велошабандоздар одағының алтын төсбелгісін тапсырды, сондай-ақ әлемде велосипед спортының дамуына, 2011 жылы Астанада тректен Әлем кубогының бірінші кезеңінің өткізілуіне қосқан үлесі үшін және «Астана Про Тим» велокомандасын қолдағаны үшін  алғыс білдірді.

Сонымен қатар, кездесуде Астанада 2014 жылы – тас жол жарысынан және тректен Азия біріншілігін және 2015 жылы тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігін өткізу туралы шешім қабылданды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің