Кездесуде геологиялық барлау саласындағы бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асырудың негізгі аспектілері қарастырылды. Тараптар сондай-ақ іздеу мен барлаудың заманауи технологияларының трансферті, сондай-ақ Қазақстан мамандарын оқыту секілді ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Мемлекет басшысы бірлескен жұмыстың жемісті әрі табысты болатынына сенім білдірді. Қазақстан аумағы ресурстарға бай. Осыны ескере отырып, Сіздің компанияның жұмысынан зор нәтижелер күтеміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. С.Уолш компания Қазақстанда біраз уақыттан бері жұмыс істейтінін және «Рио Тинто» біздің елге қызығушылық танытып отырғанын айтты.