Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының өзара ықпалдастығы мәселелері, сондай-ақ екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығының перспективалы бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы білім беру ісіндегі көшбасшылардың бірі болып саналатын білім ордасы біздің ел үшін де білікті мамандар даярлау ісіне елеулі үлес қосып отырғанын айтты. Мәселен, бүгінде университетте Қазақстаннан келген 500-ден аса студент оқып жатыр, бұл әлемнің 150 елі ішінде екінші орындағы көрсеткіш болып саналады. В.Филиппов Нұрсұлтан Назарбаевқа елдеріміздің арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары арасындағы толыққанды академиялық ықпалдастыққа қолайлы жағдай жасауға көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.