National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесу

2014 жылғы 11 наурыз

 

Әңгімелесу кезінде Қазақстан-Америка қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ алдағы 24-25 наурызда Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке дайындық барысы талқыланды.

Екі мемлекеттің көшбасшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты. Украинадағы ішкі саяси жағдайдың дамуына айрықша назар аударылды.

Қазақстан мен АҚШ Президенттері Украинадағы дағдарысты осы елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін және барлық мүдделі тараптарды жақындастыруға септігін тигізетін дипломатиялық әдістерді пайдалана отырып бейбіт жолмен реттеу қажеттігін қуаттады.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселе үдеріске қатысушылардың барлығының келіссөзі арқылы ғана шешілуге тиіс екенін атап өтті.

Өз кезегінде Барак Обама Украинадағы жағдайды реттеу үшін БҰҰ немесе ЕҚЫҰ тәрізді халықаралық ұйымдардың атсалысуымен пәрменді тетіктер қалыптастыру қажеттігіне тоқталды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің