National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы сөйлесті

2013 жылғы 27 маусым

 

Екі елдің көшбасшылары Ұлыбритания Премьер-Министрінің алдағы сапарының бағдарламасын, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасын дайындау барысын талқылады.

Әңгіме кезінде Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі кездесудің өзара іс-қимылдың барлық саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мен тереңдетудегі маңызды фактор ретіндегі мәнін атап өтті.

Өз кезегінде Ұлыбритания Премьер-Министрі Қазақстанға сапарды ерекше толғаныспен күтетінін мәлім етіп, оның тарихи мәніне тоқталды.

Дэвид Кэмерон Нұрсұлтан Назарбаевқа Ауғанстандағы жағдайды реттеуге және тұрақтандыруға бағытталған Қазақстанның белсенді әрекеті үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, тараптар энергетика, көлік-логистика және инновация салаларындағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылады. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің