Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақты дамыту, соның ішінде ЕАЭО туралы шартты ратификациялау және одаққа Армения мен Қырғызстанның қосылуы мәселелері жөнінде пікір алмасты. Екі мемлекет басшысы Украинадағы ахуалды және еуразиялық «үштік» пен Украина кездесуін өткізу ықтималдығын да талқылады.