Х.Рухани Мемлекет басшысын президент сайлауындағы жеңісімен және қызметіне кірісуіне байланысты құттықтады. Әңгімелесу барысында екі мемлекет көшбасшылары Қазақстан-Иран серіктестігінің басымдығы бар бағыттарын талқылады. Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы саяси диалог пен жемісті өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Бұдан бөлек, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту мәселелері жөнінде пікір алмасылды. Иран Президенті елдеріміздің арасындағы сан ғасырлық достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас алда да Қазақстан мен Иранның достас халықтарының мүддесіне игі қызмет ете беретініне сенім білдірді.