Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевты ГФР-дың бұрынғы Федеральды канцлері туған күнімен құттықтап, денсаулық және жаңа табыстар тіледі.
Герхард Шредер Қазақстан қоғамының батыл да қарышты дамуы, кең ауқымды реформалар және ұлттың әл-ауқатының артуы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланысты екеніне назар аударған.
Телефон арқылы әңгімелесуге герман тарапы бастамашы болды.