Телефон арқылы әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевты ГФР-дың бұрынғы Федеральды сыртқы істер министрі туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Г.-Д.Геншер қазіргі Қазақстанның табысына және Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған мақсаттардың жүзеге асатынына нық сенетінін айтты. Әңгімелесуге герман тарапы бастамашы болды.