Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары интеграциялық үдерістерді дамыту жайымен бірге 24 қазанда Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысының бағдарламасын талқылады. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі елдің өзара іс-қимылын одан әрі нығайтудың негізгі қырлары жөнінде пікір алмасты.