National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Републикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

2018 жылғы 25 маусым

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанды Түркия Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанның осы сайлаудағы жеңісі түрік халқының оның жүргізіп отырған саясатына қолдау көрсеткенінің айқын дәлелі екенін атап өтті.

Режеп Ердоған Қазақстан Президентіне ризашылық білдіре отырып, сайлаудың демократия қағидаттарына сай, халықтың жаппай қатысуымен өткенін айтты.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары бауырлас екі ел арасындағы сындарлы диалогты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің