Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді. Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.