Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, зор денсаулық пен табыс тіледі.
Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын талқылады.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде, соның ішінде биылғы 4-5 шілдеде Астанада өткен Сирия мәселесі бойынша кезекті халықаралық кездесудің қорытындыларына қатысты пікір алмасты.
Президенттер Қазақстан мен Түркияның кең ауқымды бағыттар бойынша қарым-қатынасын одан әрі нығайту үшін сындарлы диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты.