National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдалламен телефон арқылы сөйлесті

2019 жылғы 02 сәуір

Иордания Королі ІІ Абдалла Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қолдау білдіріп, бұл хабарды бүкіл әлем зор түсіністікпен қабылдағанын атап өтті.

ІІ Абдалла Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке достығын жоғары бағалайтынын айтып, Елбасының Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру және дамыту ісіндегі тарихи рөліне тоқталды.

Иордания Королі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасыға мықты денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен ІІ Абдалла алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің