Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевты 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Сондай-ақ мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен Астрахань қаласында 2014 жылғы 29 қыркүйекте өткен Каспий маңы мемлекеттерінің Төртінші саммитіндегі кездесуде жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге Әзербайжан жағы бастамашылық етті.