Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, достас Қазақстанның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Үкіметінің басшысына құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, қазақ-армян ынтымақтастығын екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да дамытуды жалғастыруға ниетті екенін айтты.