National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президенті Франсуа Олландпен телефон арқылы сөйлесті

2015 жылғы 25 ақпан

 

Қазақстан мен Франция басшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалға қатысты 12 ақпандағы Минск келісімін жүзеге асыру жөніндегі кешенді шараларды атқару аясында пікір алмасты.

Екі ел Президенттері Минск келісімі қазірдің өзінде қантөгісті тоқтатуға ықпал еткеніне тоқталды. Қақтығыс аумағынан ауыр техниканы әкетудің маңыздылығы атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы санкцияларды біртіндеп алу үшін қажетті шарттарға көңіл аударды. Ф.Олланд оқ ату толық тоқтатылып, ауыр техника әкетіліп, Мариуполь төңірегіндегі қақтығыс басылған жағдайда санкцияларды азайту мәселесі талқылануы мүмкіндігін айтты.

Екі ел көшбасшылары Украинадағы дағдарысты реттеу мәселесі бойынша халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ әңгіме барысында Қазақстан-Франция стратегиялық серіктестігінің келешегі талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Францияға биыл сапармен келуге шақырғаны үшін Ф.Олландқа алғыс айтты.

 

Телефон арқылы сөйлесуге француз жағы бастамашылық етті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің