Президенттер екі ел экономикасындағы ахуалды, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕурАзЭО) аясындағы және екіжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Ресей мен Украина қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен Минск уағдаластықтарын орындауды жалғастыру жайын қарастырды. Тараптар Ресей-Түркия қарым-қатынасының нашарлауына қатысты да пікір алмасты. В.Путин ахуалды Түркия жағы күрделендіргенін қайталап айтып , соған орай жағдайды түзеуге Түркия қадам жасауға тиістігін алға тартты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасы қазіргідей күрделі жағдайда сенімге, дәстүрлі достық пен тату көршілестікке негізделетінін айтты. Сондай-ақ екі мемлекеттің лидерлері 2016 жылы ШЫҰ, ЕурАзЭО, Өңіраралық ынтымақтастық форумы және басқа құрылымдар аясында өтетін кездесулер кестесін талқылады.