Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық маңызды мәселелер туралы пікір алмасты. Сириядағы жағдай мен Астанада алдағы уақытта өтетін сирияаралық келіссөздер кестесі жөнінде де арнайы әңгіме болды. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.