Әңгімелесу барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылық айтып, Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады. Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан жағы бастамашы болды.