Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың оң қарқынын атап өтті. Сондай-ақ, көшбасшылар Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы қарсаңында Еуразия экономикалық одағын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.