National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент бірқатар мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

2020 жылғы 30 желтоқсан

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сұхбаттасты.

Президент Владимир Путинмен әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы барлық бағыттар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың дамуы оң динамикада, стратегиялық әріптестік және одақтастық сипатында өрбіп келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан мен Ресей COVID-19 індетінің зардаптарын еңсеру, көпжақты құрылымдар аясындағы жұмыстарды үйлестіру бойынша өзара тиімді ынтымақтасты одан әрі нығайтуға бейілді екендерін нақтылады. Владимир Путин бауырлас Қазақстан халқына жаңажылдық құттықтауы мен ізгі тілегін жеткізуді сұрады.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сұхбат кезінде берік бауырластыққа және тату көршілікке негізделген қазақ-өзбек серіктестігін тереңдету ісіне оң баға берілді.

Мемлекет басшылары биылғы жылдың қорытындыларын жоғары бағалап, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту үшін күш біріктірудің, сондай-ақ, Орталық Азиядағы аймақтық ұжымдасудың маңыздылығын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Жаңа жылмен құттықтап, жүрекжарды тілектерін айтты.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен әңгіме барысында Қазақстан Президенті дамудың жоғары қарқынын көрсетіп отырған мемлекетаралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын оң бағалады. Тәжікстан Президенті екі елдің халықаралық аренада одақтас және барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Мемлекет басшылары бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 01 сәуір

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2021 жылғы 10 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Жарлық

2021 жылғы 05 сәуір

Хроника


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің