National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2016 жылғы 08 ақпан

 

Президенттер екі ел экономикасындағы ахуалды, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕурАзЭО) аясындағы және екіжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Ресей мен Украина қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен Минск уағдаластықтарын орындауды жалғастыру жайын қарастырды.

Тараптар Ресей-Түркия қарым-қатынасының нашарлауына қатысты да пікір алмасты. В.Путин ахуалды Түркия жағы күрделендіргенін қайталап айтып , соған орай жағдайды түзеуге Түркия қадам жасауға тиістігін алға тартты.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасы қазіргідей күрделі жағдайда сенімге, дәстүрлі достық пен тату көршілестікке негізделетінін айтты.

Сондай-ақ екі мемлекеттің лидерлері 2016 жылы ШЫҰ, ЕурАзЭО, Өңіраралық ынтымақтастық форумы және басқа құрылымдар аясында өтетін кездесулер кестесін талқылады. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің