National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Австрия Президенті Александр Ван дер Белленге көңіл айту жеделхатын жолдады

2020 жылғы 03 қараша

Мемлекет басшысы Венадағы террорлық актіге байланысты Австрия Президенті Александр Ван дер Белленге көңіл айту жеделхатын жолдады. 

– Бүкіл австриялықтар сияқты барлық дінге кереғар келетін, адами сенім мен ақылға сыймайтын мұндай жантүршігерлік зорлық әрекетке қарсымын. Терроризмнің кез келген түріне жол беруге және оны ақтауға болмайды. Осындай қаныпезер зұлымдыққа барған барлық кінәлілер жауапқа тартылады деп үміттенемін. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Осынау қаралы күндері Австрияның Федералдық Үкіметімен және халқымен біргеміз, – делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің