Қазақстан Президенті Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласында автожол көпірінің опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан халқының және жеке өз атымнан ауыр қайғыға ортақтасып, қайтыс болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Италия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.