National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидке көңіл айту жеделхатын жолдады

2020 жылғы 11 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Қабус бен Саидтың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

– Қабус бен Саид өз өмірін Оман мен оның халқының мүддесін қорғауға, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға риясыз арнады. Қазақстан халқы Сұлтан Қабусты парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, көрнекті мемлекет қайраткері, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан бүкіл Оман халқының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, – делінген жеделхатта. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің