National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонды Ұлыбританияның Премьер-Министрі лауазымына сайлануымен құттықтады

2019 жылғы 26 шілде

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Борис Джонсонды Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің және Солтүстік Ирландияның Премьер-Министрі лауазымына сайлануымен құттықтады.

«Басқарушы Тори партиясының көшбасшысын сайлаудағы Сіздің айқын жеңісіңіз Ұлыбританияның игілігі жолында қол жеткізген таңқаларлық табыстарыңыздың және адал қызметіңіздің мойындалуын көрсетеді», – делінген жеделхатта.  

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ұлыбританияның стратегиялық серіктестікті берік достық, өзара сенім мен түсіністік негізде дамытып отырғанын атап өтті. Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жаңа инвестициялық мүмкіндіктердің ашылуына сенім білдірді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонға жаңа қызметте табыс, сондай-ақ, британ халқына бақ-береке тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің