National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2018 жылғы 09 мамыр

Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына сайлануымен құттықтады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Н.Пашинянның басшылығымен Армения орнықты дамуға және ел тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатты жалғастыра беретініне сенім білдірді.  

«Екі мемлекет арасында қалыптасқан достық пен өзара түсіністік қатынастар Қазақстан мен Арменияның өзара ықпалдастығын дәстүрлі серіктестік рухында кеңейте түсу үшін және халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да берік негіз бола береді деп сенемін», – делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің