Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Андрес Мануэль Лопес Обрадорды Мексика Құрама Штаттарының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, достас Мексика халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі. «Сіздің саяси және қоғамдық қызметтердегі мол тәжірибеңіз Мексиканың одан әрі дамып, халықаралық аренадағы беделінің нығая түсуіне зор үлес қосатынына сенімдімін. Елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық Сіздің белсенді қолдауыңыздың арқасында өзара түсіністік пен тұрақтылық рухында әрі қарай дами береді деп санаймын», – делінген жеделхатта.