Д.Руссефф құттықтауын бүкіл Бразилия халқының және жеке өзінің атынан жолдаған. «Екіжақты ынтымақтастығымызды нығайту және Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздестіру үшін мен Сізбен жұмысымызды жалғастыруды қалайтынымды тағы да атап өткім келеді», – делінген құттықтауда.