Мемлекет басшысы биылғы 24 маусымда Сычуань провинциясындағы лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Осындай ауыр сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.