National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таиланд королі Пхумипон Адульядеттің қайтыс болуына байланысты Таиланд Корольдігінің Премьер-министрі Прают Чан-Очаға көңіл айту жеделхатын жолдады

2016 жылғы 14 қазан

Жеделхатта Таиланд королінің қайтыс болғаны туралы хабарды  Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Король Адульядетті парасатты басшы, мемлекеттеріміз арасында достық қатынастар орнауына және нығаюына ерекше үлес қосқан көрнекті тұлға ретінде қазақстандықтар әрдайым есте сақтайды», – деп жазылған көңіл айту жеделхатында.  

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, өзінің және Қазақстан халқының атынан Прают Чан-Очаға, корольдің отбасы мүшелеріне және барша Таиланд халқына көңіл айтты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің